Мемлекет басшысы: Батыл шешімдер қабылдану керек

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде «Қазақстан халқына» қорын құру туралы бастамасын қолдап, қаржы аударған бизнес өкілдеріне алғыс айтты.

Сондай-ақ, мұның бюджет қоры емес, Қазақстан халқының қоры екенін, сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рәсімдерсіз атқарылуы тиіс және батыл шешімдер қабылдануы керектігін атап өтті.

Көмек нақты, шұғыл және атаулы болуға тиіс екенін, сонымен қатар, ірі компаниялардың бәрі жыл сайын табыс салығының Үкімет белгілеген бөлігін пайдалы әрі қайырымдылық істермен айналысатын Қорға аударып тұратындығын айтып өткеніміз жөн. «Бизнес-қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды және жобаларды жүзеге асыруда Қорға көмектеседі деп үміттенемін», – деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521