Көшбасшы болу үшін білім қажет

(0 Votes)

Ауданымызға арнайы сапармен келген ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы өкілдері мемлекеттік қызметшілердің иммиджін қалыптастыру, өркениетті елдер тәжірибесіне сүйеніп, бәсекеге қабілеттілікті дамыту мақсатында көшпелі семинар өткізді.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді оқытуды қамту және оң имиджін қалыптастыру мақсатындағы семинарға жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Семинарда экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, филиал оқытушысы А.Джетписова «Дизайн ойлау» тақырыбында қатысушыларды интерактивті пікірталасқа тартса, филиал доценті Н.Иманғалиева «Мемлекеттік қызметшілерге арналған сторителлинг» тақырыбында тренинг өткізді. Семинар соңында Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиал директорының міндетін атқарушы Ж.Нұртілеуова магистратура, докторантура мамандықтарымен 2019 жылға оқуға қабылдау ережесімен мемлекеттік қызметшілерді таныстырды.

Сонымен қатар, Ж.Нұртілеуова филиал жұмыстарымен таныстырып, «Мемлекеттік қызметшінің имиджі» тақырыбында дәріс оқыды.

Ол: - Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа формация басшысы» бағдарламасын жасау және басшылық лауазымға тағайындау кезінде қайта даярлау арнайы курстарының қажеттілігін айқын көрсетті. Қазіргі заман жағдайында мемлекетіміздің қызмет стратегиялық элементтері бар кәсіби қызмет ретінде сипатталып отырғанын түсіндірді.

Дамудың келесі кезеңі стратегиялық және одан әрі инновациялық қызметке көшірілуі тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілердің білімі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуының ажырамас элементі болуы тиіс. Бұл мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқыту ғана емес, жүйелі білім беру дегенді білдіреді. Яғни, жоғары лауазымға орналасу үшін мемлекеттік қызметте мансаптық өсуге қажетті кәсіби білім алу мен құзыреттілікті қалыптастыру қатар жүруі тиіс. Мұндай тәсіл халықаралық тәжірибеде бар. Мәселен, бірқатар елдерде басшы қызметкер болу үшін арнайы курстардан өтпей тағайындала алмайды. Мысалы, мұндай тәжірибе Үндістан мен Сингапурда кеңінен қолданылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында академия әртүрлі елдердің тәжірибесін зерделеді. Алайда, біз жеке даму жолымызға ғана сүйенеміз.

Мемлекеттік басқару академиясының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне арналған магистратурасы мен докторантурасының бағдарламалары бүгіннің өзінде мемлекеттік қызметтің Қазақстанда қабылданған мансаптық моделімен өзара байланысты. Әрбір бағдарлама бойынша магистратура мен докторантураға түскен кезде жұмыс өтілі мен атқаратын лауазымына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі құзыреттерінің Бірыңғай шеңберінің лауазымдық деңгейлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес келеді. Оқуға қабылдау тек ағылшын тілі бойынша халықаралық тест сертификаты (APTIS, IELTS, TOEFL), екі эссе және кейс шешу арқылы әңгімелесуден өткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Магистратура мен докторантураның әрбір бағдарламасы бойынша оқыту бір уақытта үш тілде жүзеге асырылады. Оқу барысында магистранттар мен докторанттар болашақта мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі аясында жоғары позицияға ие болуға мүмкіндік беретін кәсіби және жеке құзыреттіліктерін жетілдіреді.

Сондай-ақ Академияда және филиалдарда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қысқа мерзімде оқыту жүргізеді. Біліктілікті арттыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады. Қайта даярлау курстары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда мемлекеттік қызметшілерді оқытуда басшы лауазымдарға тағайындалғанға дейінгі дайындыққа баса назар аударылады.

Жолдауда белгіленген тапсырманы орындау, сондай-ақ бағдарлама мен курстардың мазмұнын анықтайтын болашақ мемлекеттік қызметшінің құзыретін анықтауды талап етеді. Біз алдын ала олардың даму үшін озық мүмкіндіктер мен технологияларды тиімді пайдаланатын және үлкен деректермен жұмыс істеуге қабілетті креативті ойлайтын басшылар болады деп айта аламыз. Сондай-ақ, болашақты сценарийлік жоспарлау немесе болжауды басқару, дизайн-ойлау, өзгерістерді басқару маңызды болады.

Бұл ретте, мемлекеттік басқаруды дамытудағы соңғы трендтер көрсетіп отырғандай, көшбасшылық қана емес, трансформациялық көшбасшылық ерекше рөл атқаратын болады. Бағдарламаны да, арнайы курстарды да әзірлеу кезінде белгілі бір құзыреттер ескерілетін болады, сондай-ақ тағайындау кезінде оқыту мерзімдері мен оқыту нәтижелерін есепке алу тетігі айқындалатыны туралы кеңес берді.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік қызмет тізгініндегі иммиджін қалыптастыру бағытында кеңес алып, бәсекеге қабілеттілік туралы түсініктерін толықтырды.

Л.НҰРБАЕВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT