Баға «жырына» нүкте қойылатын болды

(1 Vote)

Мемлекет басшысы баға саясатына арнайы тоқталды. Бұл – қарапайым халықтың көкейінде жүрген мәселе болатын. Әсіресе, тариф және табиғи монополистерге қатысты пікірі көңілге қонады.

Күз берекесінен өндірісті өңір жұртшылығының күтері көп.

Көл-көсір астық  жиналуы ел көңілін бір өсірсе, картоптан да бұрын-соңды болмаған өнім алынуы тағы мерейлендірген-ді. Азық-түлік түрлеріне кенелуге байланысты, ең бас­тысы, бағасы шамаға шақ болуы күтілген-тін. Иә, не нәрсе жеткілікті болуына орай сауданың ежелден бар заңдылығы бойынша құны қалыптан аспауға тиіс  емес  пе? Тұтынушылар үміті де сол болатын. Олай болмайды. Керісінше, баға тағы шырқап шыға келді. Ұн, картоп, көкөніс, ет және басқа да тағамдар дүкендер мен базарларда асып-төгілгенімен, бағасы қазір былтырғыдан 15-20 пайызға қымбат. Мұнымен де қоймай, күннен-күнге өсуі тоқталар емес. Астарында не сыр барын білу қиын. Оны бақылаушылардың қауқарсыздығы түсініксіз. Мұны айту себебіміз, бүгінде бағаны тұрақтандыру жөнінде комиссиялар құрылған үстіне  құрылып, оның тізгінін  босатпау үшін тиісті тараптар арасында меморандумдарға қол қойылып жатыр. Бұл жыл сайынғы үрдіс. Бірақ қайыры шамалы.

Мәселеге орай Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Біздің елімізде азық-түліктен өзге киім мен қызмет түрлері, бәрі де қымбат. Әсіресе, авиабилеттер мен теміржол қатынасы да қымбаттап кетті» деді.

Қарапайым халықтың басындағы тұрмыстық қиындықтарға тоқталған ел Президентінің салада осы мәселелерге қатысты тиісті шешім алу қажеттігін тапсыруы бізге үміт сыйлайды.

Тәртіпке шақыру барлық жерде орын алса, онда тұтынушының да сол салаға деген сенімі артары сөзсіз. Сондықтан, Жолдауда көтерілген мәселенің орындалыс табуы-халықтың ойындағысын дөп басуы деп түсінеміз.

Ә.ИДИЯТОВ,

аудандық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521