27 сәуір күні Атырау қаласының тұрғыны 22:00 шамасында карантин режимін бұзып, жеке үйінің ауласында туған күніне орай от шашу шашқан.
1973 жылы туған тұрғынның үйі қаладағы Құрманғазы көшесінде орналасқан. Құқық бұзушыға Атырау қалалық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің " Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша 476-бабымен және де бұдан басқа осы кодекстің "Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" 436-бабы бойынша хаттамалар жасақталған. Рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды.
16 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлері 1058 заң бұзушылықты анықтады. 476-бап бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) 1 027 факт анықталса, 478-бап бойынша (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) - 31 факт тіркелген. 295 тәртіп бұзушыны сот қамауға алған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі