АТЫРАУДА ВОРКАУТ АЛАҢДАР САЛЫНАДЫ

(0 Votes)

Облыс орталығындағы тозығы жеткен 8 спорттық жаттығу алаңының орнына жаңа воркаут алаңдары салынады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жөндеуге жарамсыз жаттығу алаңдары воркаут пен алмастырылады.  Әсіресе, «Авангард» ықшам ауданы, Смағұлов көшесі және Жайық жағалауында орналасқан кейбір спорттық алаңдардың әбден тозығы жеткен. Осыны ескерген қалалық ТКШ бөлімі, олардың орнына воркаут алаңдарын салуды қолға алған. Аталған алаңдар қаладағы 8 мекен-жайға салынады. Олардың әр қайсысының көлемі әртүрлі. Ең кішісі – 150 шаршы метрден басталып, 400 шаршы метрге дейін жетеді. Тиісінше, воркаут алаңдары аумағына қарай, түрлі спортық құралдармен жабдықталады. 

-    Жоспар бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарашылығыжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты мердігер мекеме алаңдарды салу үшін жерді дайындау жұмыстарын бастап кеттіАталған жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп көзделген, - деді қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева. 

Бөлім мамандарының айтуынша, воркаут алаңдары спорттық-жаттығу алаңдарына қарағанда, ұзақ мерзімге дейін төзімді болып келеді.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521