Жаңа спорт нысаны инвестор қаражаты есебінен «Туған жерге тағзым» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынады.
Алғашқы скейт-саябақ қала күніне орай салынғалы отыр.
Жаңа спорт нысаны Авангард ықшамауданы мен Тұрғындар қалашығы ықшамауданын қосатын көпірдің астында орналасады.
Айта кетейік, скейт-саябағының орны кездейсоқ таңдалмаған. Себебі, саябақтың қасында Ретро-саябағы, Жайық өзені және Атыраудың танымал көрнекті жерлерінің бірі жаяу жүргіншілер көпірі орналасқан.
«Скейт-саябағы» балалар мен жастардың бос уақытын өткізетін жаңа орынға айналатынына, сондай-ақ, скейтбординг спорт түрін дамытуға бастама болатыны анық. Қазіргі уақытта скейт-саябағы құрылысына бөлінген алаңды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Алаң толығымен қоқыс пен арамшөптерден тазартылды. Саябақтың құрылысы бойынша жұмыстар қазан айының басында аяқталады деп жоспарлануда.
«Біз скейт саябағын барынша қауіпсіз және жарақат алу жағдайы болмау үшін қолайлы етуге тырысып жатырмыз. Балалар үшін төсеме жолдар резеңке жабындымен, ал жасөспірімдер мен жастар үшін ол бетонды болады. Сондай-ақ, біз скейт-саябақ аумағын абаттандыру және көгалдандыруға ниеттеміз»,- дейді жобаның инвесторы болып табылатын компания директоры Абай Хамидулла.
Материал: ашық дереккөзден