Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар

(0 Votes)

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты, деп хабарлайды Aтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді.


- Айналым схемасы арқылы алынған азық-түлік өнімдері "Идеал" және "Лидер" әмбебап меркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері "Дина", "Насиха", "Көктем", "Сарайшық" сауда орындарында сатылуда, - деді Амангелді Саламат.

Оның айтуынша, аймақта азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар.

Бұған қоса өңірімізге әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағаларын тұрақты ұстау мақсатында үш жақты мемарандум жасақталып, 13 мың тонна бидай тасымалдау жоспарланыпты.
Аталған меморандум негізінде әлеуметтік нан бағасы 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады.


Айта кетейік, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында– 579,6 тонна картоп, 325,8 тонна сәбіз, 339 тонна пияз, 200 тонна орамжапырақ бар.

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика