Атырауда коронавирусқа шалдыққандар саны 18 адамға жетті

(0 Votes)

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Атырауда тағы екі адамның инфекция жұқтырғаны расталды.

Жергілікті уақытпен бүгін таңғы 8. 25 сағаттағы ресми ақпарат бойынша, қауіпті дертке шалдыққан науқастар толықтай оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған.

“Қазіргі уақытта олармен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде” делінген Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, бүгін таңдағы ақпарат бойынша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар саны 402 адамға жетті. Науқастар елорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында анықталып отыр.

Өкінішке орай, ауыр дерттен үш адам көз жұмды.

Үйде бол! Отбасыңды қорға! Еліңді сақта!

atr.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT