AMANAT партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке ұсыну шешімін қабылдады

(0 Votes)

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.

Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ.Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.

«AMANAT партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», - деді съезд шешімін жариялаған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Сайт әкімшілігі

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Соңғы жаңалықтар

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика