Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов Португалия елінде өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогінде жеңіске жеткен жерлесіміз Заманбек Бақтығали мен бапкері Абзал Қапсәлімовті қабылдап, құрмет көрсетті.
Қабылдау барысында ауданның ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатқан жас спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта Әлем біріншілігін бағындыруға тілегін білдірді.
Сондай-ақ, үздік нәтижеге қол жеткізген аудан мақтанышына қаржылай сыйлық табыс етіп, шәкірт тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін бапкері Абзал Қапсәлімовтің иығына арнайы шапан жапты.
«Сіздердің бұл жеңістеріңіз – ауданымыздың, еліміздің абыройы. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің көк туын биікке желбірете беріңіздер! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!», - деді аудан әкімі.
Өз кезегінде құрмет төрінен көрінген жас спортшы мен бапкері аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ә.ҚАСЫМ