Заманбек – Еуропа кубогінің жеңімпазы

Заманбек – Еуропа кубогінің жеңімпазы
(0 Votes)

Жақында Португалия елінде өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогінде жерлесіміз Заманбек Бақтығали жеңімпаз атанды.

Еліміздің абыройын асқақтатқан Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті.

Заманбек жарыс барысындағы алғашқы кездесуінде португалиялық спортшыны, екінші айналымда испаниялық қарсыласын жеңді. Үшінші кездесуде франциялық спортшымен айқасып, жартылай финалда италиялық дзюдошыны қапы қалдырды.

Ал финалда эстониялық спортшыны ұтып, Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды.

Заманбектің бұл жетістігі – қажырлы еңбек пен табанды жаттығудың нәтижесі.

Бұл ретте спортшының дайындығына үлкен үлес қосқан ұстазы  Абзал Капсалимов шәкіртіне үлкен сенім артып, алдағы Азия және Әлем біріншіліктерінде де топ жаруды басты мақсат етіп отырғанын айтты.

Біз де еліміздің атын шығарып жүрген жас спортшыға сәттілік тілейміз!

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT