Түркияға жолдама алды

(0 Votes)

Жақында Петропавловск қаласында муайтайдан Қазақстан чемпионаты өтті.

Республикалық турнирге 14-15 және 16-17 жас аралығындағы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық жас муайтайшылар қатысты. Аталмыш жарысқа жерлесіміз «Алан» муайтай клубының шәкірті Жомарт Тынышқалиев 54 келі салмақ бойынша бағын сынаған болатын.

bapkermen

Төрт күнге созылған сайыс нәтижесінде Жомарт қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақты. Қазақстан чемпионы атанған Жомарт енді Түркия елінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. «Жомарт чемпион ағаларының жолын қуып келе жатырған спортшы. Үлкен үміт артамын. Әзірге аяқ алысы жаман емес. Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, ауданның чемпиондарын көбейтетін боламыз»,- дейді бапкері Ислам Галиев.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521