Мақаттық өнерпаздар ой жарыстырды

(0 Votes)

Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Қызық екен» тақырыбында интеллектуалдық ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

Карантин талаптарына сай адамдардың топтасып жиналуына болмайтындықтан, ойынға екі адамнан құралған екі топ қатысты. Сайыскерлер Доссор мәдениет үйінің әкімшісі Думан Құрмашев, Доссор мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Данияр Еримов және Мақат аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Жасұлан Сисембаев, Мақат аудандық мәдениет үйінің дизайнер Бекзат Арыстанов тартысты ойын өрнегін көрсете білді.

Мақат және Доссор мәдениет үйінің жастары бақ сынаған сайысты әлеуметтік желілер арқылы көрермендер онлайн тамашалады. Ойыншылар лед экраннан ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді. Әр тақырыптың сұрақтары өз деңгейіне сай бағаланды. Белгіленген сұрақтар алуан түрлі тақырыптарды қамтыды.

Сайыс қорытындысы бойынша ой ұшқырлығы мен танымдық деңгейлері дараланған Доссор мәдениет үйінің жастары сайыстың жеңімпаздары атанды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, қалған қатысушылар алғыс хатқа ие болады. Аталмыш интеллектуалдық ойын мәдениет майталмандарының ой-өресінің деңгейін айғақтай түсті.

І.МӨЛДІР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521