Мақат кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай кент әкімдігінің кіші мәжіліс залында балалар арасында дойбыдан жарыс өтті. Жарысқа кенттегі Х.Санбаев және Л.Шахатов атындағы орта мектептерінің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қ.Ағыс І орын, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы А.Есмұхан ІІ орын, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы М.Жәнібек ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ Л.Шахатов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы М.Досан және Х.Санбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Н.Амангелді мен 6 сынып оқушысы Н.Өтепқали «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарымен марапатталды.
Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға жеке кәсіпкерлер Г.Едігеева, М.Қуанышева, Б.Бегениязова, Н.Әбілованың демеушілігімен сыйлықтар және Мақат кентінің әкімі Б.Сәрсеннің атынан диплом табысталды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
фото: автордікі