Аудан жастарының ұйымдастыруымен қайырымдылық жасау мақсатында футбол ойынынан жарыс өткізілді. Жарысқа қатысқан 12 команда құрамында 90 талапкер қатысты.
Атап айтсақ, «Амира сауда үйі», «Мақат БЖСМ», «Ермек», «Баxтияр», «Акимат», «Береке пиццериясы», «Қамқор Локомотив», «Құрдастар», «СМП», «Сұңқар», «Достар», «Азамат» командалары белсенді ойын үлгісін көрсетіп, топтық кезеңдер тартысқа толы болды.
Жартылай финалға «Акимат», «Мақат БЖСМ», «Береке», «Құрдастар» командалары жолдама алса, «Мақат БЖСМ» командасы «Акимат» командасынан басым түсіп жатты. Ал «Құрдастар» командасы «Берекелік» жігіттерді жеңді. Сондай-ақ ІІІ орынға таласу ойынында «Береке» командасы «Акимат» командасын 6-5 есебімен жеңді. Финал өте тартысты болды. Есеп: 3-3 көрсеткішті көрсетсе, Пенальти есебінен «Құрдастар» осы турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарыстың «Үздік қақпашы» номинациясына «Акимат» командасынан Жасұлан Есенгужин лайықталса, «Үздік қорғаушы» номинациясы "Береке" пиццериясының мүшесі Болатбек Қырықбаевқа берілді. «Үздік шабуылшы» номинациясын Аслан Өтегенов иеленіп, «Құрдастар» командасының намысын қорғады. Ал «Үздік ойыншы» номинациясына «Мақат БЖСМ» командасының мүшесі Қанат Қапашевқа бұйырды.
Қайырымдылық жасауға арналған жарысты ұйымдастыруда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Е.Мақсотов, бөлімнің бас маманы Н.Исполов, Доссор балалар спорт мектебінің директоры А.Айсағалиев, Мақат БЖСМ директоры Н.Төлегенов, жаттықтырушылары Ж.Амандосов және Е. Шарафиевтер белсенділікпен қолдау көрсетті.
Сондай-ақ @amira_makat @pizza.bereke @kamkor_management @mfkbakhtyar @makataudan @fotosalon_myrza_makat әлеуметтік желілер белсенділік танытты. Жарысқа қатысқан командалар қайырымдылық қорына ақшалай көмектерін көрсетіп, жиналған қаражатты көмекке зәру отбасына табысталды.
Ә.ТЕҢДІБАЙ,
нұсқаушы - әдіскер.