Бүгін Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 2013-2014, 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасындағы “Makat cup” кіші аяқ доптан облыстық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әмірхан Толыбайұлы мен ардагер спортшы Марат Минажеденұлы жарыстың тартысты өтуін тіледі.
Айта кетейік, аталмыш турнирде облыстың әр ауданынан келген 16 команда өзара бақ сынауда.
Жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир 16 ақпанға дейін жалғасады.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі