Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан футбол федерациясының KFF Football Awards-2019 жүлделерін табыстайтын салтанатты шарасы өтті. Қазақ футболының үздіктері анықталды, деп хабарлады Prosports.kz.
ҚПЛ-дың үздің шабуылшысы - Абат Айымбетов (Ақтөбе);
ҚПЛ-дың үздік жартылай қорғаушысы - Бауыржан Исламхан (Қайрат)
ҚПЛ-дың үздік қақпашысы- Дмитрий Непогодов (Ордабасы)
ҚПЛ-дың үздік ойыншысы - Марин Томасов (Астана)
ҚПЛ-дың үздік бапкері - Стойчо Младенов (Қайсар)
Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы - Бауыржан Исламхан (Қайрат)
Бірінші лиганың үздік ойыншысы - Айдос Тәттібаев (Каспий)
Бірінші лиганың үздік бапкері - Али Алиев (Қызыл-Жар СК)
Екінші лиганың үздік ойыншысы - Матвей Герасимов (Шахтер-М)
Екінші лиганың үздік бапкері - Фархадбек Ирисметов (Қыран-М)
Футзалдағы үздік ойыншы - Қайрат Иманалин (Қайрат)
Футзалдағы үздік бапкер- Кака (Қайрат және Қазақстан құрамасы)
Әйелдер футболындағы үздік ойыншы - Адиля Вылданова (БИІК-Қазығұрт)
Әйелдер футболындағы үздік бапкер - Калоян Петков (БИІК-Қазығұрт)
Жағажай футболындағы үздік ойыншы - Виктор Черный
Жағажай футболындағы үздік бапкер - Болат Аленов.
BAQ.KZ
Фото: дереккөз