Өңірде алғаш рет қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтуде

Өңірде алғаш рет қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтуде
(0 Votes)

Қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатқа 2012-2013 жылы туған 150 спортшы қатысып жатыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басты мақсат — ұлттық спорт түрін балалар арасында кеңінен насихаттау және жас балуандардың тәжірибесін арттыру.

- Бүгінгі сайысқа Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Индер, Махамбет, Жылыой аудандары және Атырау қаласынан жас спортшылар қатысуда. Осы жарыстан іріктеліп шыққан қатысушылар шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады. Бұл дода тек спорт бәсекесі емес, сонымен бірге ұлттық рух пен ерік-жігердің мектебі,- деді Атырау облысының Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Асылан Чапаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама қазақ күресін жас өркендердің арасында дамытуға тың серпін бермек. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жарыс алдағы уақытта дәстүрлі сипатқа ие болмақ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT