Боксшылар Исатайдан жүлделі қайтты

(0 Votes)

"Балалар жылы" аясында және Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 40 жылдығына орай өткізілген жарыста аудан боксшылары топ жарды.

2009-2010, 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында өткізілген республикалық ашық турнирге Маңғыстау, Жаңаөзен, Атырау, Құлсары қалаларынан және Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Мақат аудандарынан барлығы 150 спортшы бақ сынаған еді.
Сайыс қорытындысы бойынша аудан боксшылары үздіктер қатарынан көрініп, қоржынға 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде түсті. Атап айтсақ, 36 келі салмақта Әлихан Қанатұлы және 38 келі салмақта Бағдат Амандық алтыннан алқа тақса, 32 келі салмақта Самғат Жаулбай және 40 келі салмақта Әбілмансұр Алдаберген күміс жүлдеге ие болса, 30 келі салмақта Жұмабай Айтқали, 32 келі салмақта Саят Тельман, 34 келі салмақта Дәурен Жаулбай қола жүлдені місе тұтты. Сондай-ақ, өз шеберлігімен көзге түкен Әлихан Қанатұлы "Үздік боксшы" аталымын жеңіп алды.
Жас боксшылардың жеңіс тұғырынан көрінуі жаттықтырушылары Нұрсейіт Аюпов, Парасат Құлмұханов, Амангелді Қобдабаев, Қазыбек Сапеновтың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521