Атырауда «Tour de Saraishyq 2025» велошеруі мәресіне жетті

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастырған «Tour de Saraishyq 2025» велошеруі аяқталды. Шараның мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау және ішкі туризмді дамыту.

 Велошеру тарихи терең Махамбет ауданының Сарайшық ауылында орналасқан «Ортағасырлық Сарайшық» кешенінен бастау алып, “Атырау-Орал” трассасы арқылы жалғасып, Атырау қаласындағы «Infinity Mall» сауда орталығының алдында мәреге жетті.

Бұл ауқымды шараға 120-дан астам әуесқой спортшы қатысты. Олардың арасында Ташкент, Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан арнайы келген велошабандоздар да болды. Сонымен қатар, Атырау облысында жұмыс істейтін 10-ға жуық шетелдік азамат қатысып, шараның халықаралық деңгейін айқындай түсті.

Қатысушылардың ішінде қала тұрғыны, «Теңізшевройл» ЖШС-нің жоспарлау бойынша инженері Еркін Қабдығалиев те болды. Ол велоспортпен айналысып жүргеніне 3 жылдан асқанын айтып, мұндай шаралар тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеру аймақтағы спортты дамытуға, туризм әлеуетін көтеруге және жастарды салауатты өмірге шақыруға бағытталды. Қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, шара жоғары деңгейде өтті.

Алмас ҚАБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT