Бүгін Хорватия астанасы Загребте басталған еркін күрестен әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алған қазақ спортшыларының саны үшеуге жетті.
Асылжан Есенгелді (-61 кг) Аустралия атынан Париж Олимпиадасында сынға түскен Георгий Окороковты таза жықты.
Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков (-86 кг) Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Магомадхабиб Кадимахамедовті (UWW, Беларусь) айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 8-1.
Асылжан біраздан соң Олимпиада чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Заур Угуевпен (UWW) күш сынасады. Азамат Франция құрамасын өкілі, жастар санатында 2 дүркін әлем чемпионы Рахим Магамадовпен кім мықтыны анықтайды.
ДРС