5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының дирекциясы «I AM NOMAD» челленджін бастады

(0 Votes)

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында Ойындар дирекциясы «I AM NOMAD» атты бірегей әлеуметтік желілер челленджінің басталғанын хабарлайды.

Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың басын біріктіріп, оларды жылдың басты оқиғағаның бір бөлшегі болуға шақыруға бағытталған.

Челленджге танымал тұлғалар да қосылды. Қалың көрерменнің сүйіктісі, танымал актер Асылхан Төлепов барлық жанкүйерді Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысуға және еркіндік пен көшпелі өмірдің рухын бейнелеген қозғалысты қолдауға шақырып, алғашқы қатысушылардың бірі болды. Сонымен қатар, бұл челленджге танымал оңтүстік кореялық әнші Сон Вон Соб та қосылды. Ол көшпенділер мәдениетіне деген таңданысын білдіріп, Азия мен әлемнің басқа да аймақтарындағы жанкүйерлерін осы шабыттандыратын жобаға қатысуға шақырды. Челленджге қатысу өте оңай: қазіргі әлемде көшпенді болу нені білдіретіні туралы қысқаша бейнежазба жасап, оны әлеуметтік желілерде #IAMNOMAD хэштегімен жариялау жеткілікті. Әрбір қатысушы еркіндік пен шытырман оқиғаларды сүйетін адамдарды біріктіретін жаһандық қозғалыстың бір бөлігіне айналады.

Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank. Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

*** 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметі Назым Қанатбекқызы 8 701 208 18 11 Айғаным Мұқатай 8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu

Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521