Үйде отырып, дәрі іздеудің жолын тапты

(0 Votes)

33 жастағы Атыраулық фармацевт адамдарға қажетті дәрі-дәрмекті үйде отырып іздеудің жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асылбек Бисенов бұл жобамен жыл бойы айналысып келген. Ол дәріханаларға онлайн тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын ұсынып отыр. Жаңа жобасымен бір жылға жуық айналысқан өнертапқыштың жаңалығы қазіргідей карантин кезінде өте пайдалы әрі уақыт үнемдеуге мол мүмкіндік береді. Тұтынушы өзіне қажет медициналық препараттың атын жазып, жақын маңдағы дәріханаларға тапсырыс береді. Ал, автоматты жүйе ең жақын жердегі дәріхана мен ондағы бағаларды тұтынушыға жібереді. Сөйтіп, сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланысты қалыптастырады екен. Бұл мобильдік қосымшаға қазірдің өзінде жарты мыңға жуық тұтынушы тіркелген.

Асылбек Бисенов, жоба авторы:

- Интернет мобильді қосымшасымен қарапайым халық және де дәріханадағы фармацевтер қолдана алады. Оны Play Market арқылы телефондарына жүктеп алады. Сосын осы мобильді қосымша арқылы қарапайым халық үйде отырып дәрі іздеуіне мүмкіндік пайда болды енді.

Дереккөз: 24.kz 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521