Азық түлікпен немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай.
Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік белгілері байқалады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді.
Жаппай тамақтан уланудың алдын алу үшін аудан тұрғындарына және қонақтарына келесі шараларды сақтағандарыңыз жөн.✅
-Тамақтан уланудың алдын алу жолдары:
-Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау;
-Тамақты дайындау технологиясын сақтау;
-Пісірілген тамақты бірден пайдалану;
-Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек;
-Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамау;
-Азық-түліктерді мұқият тиісті температуралық режимде сақтау;
-Тамақты жәндіктермен кеміргіштерден аулақ сақтау, тиісті дезинфекциялық шаралар жүргізу;
-Жеке гигиена ережелерін сақтау;
-Ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;
-Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерінің дұрыс болуына назар аудару;
-Піспеген және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
-Дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы- +5градус;
Суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек.
Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы