Өңірде 43 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

(0 Votes)

341 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды, деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  38, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 науқас анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған – 1 адам, Индер ауданында – 1, Мақат ауданында – 1 адамнан анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар – 17 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан – 11 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта 528 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада –118, №2 облыстық ауруханада – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда – 64 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "сары" аймақта қалып отыр.

atpress.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT