Өңірде 113 адам covid-19 індетін жұқтырған

(1 Vote)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 86 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 8 адам болса, Жылыой – 6, Индер– 2, Мақат-1, Махамбет және Құрманғазы ауданында 5 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 59 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 79 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 835 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 81, модульдік стационарда 175, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 119 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 124 адам ем қабылдауда.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT