Медицина саласында «Еңбегімен еленген» 17 озат қызметкер марапатталды

Медицина саласында «Еңбегімен еленген» 17 озат қызметкер марапатталды
(0 Votes)

Атырауда Медицина қызметкерлері күніне орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбегімен еленген жандар» атты мерекелік кеш өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара барысында облыстың медициналық мекемелерінде қызмет етіп жүрген 17 еңбек озаты марапатталды.

- Осы жылы елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған орай және Медицина қызметкерлері күні қарсаңында бұл іс-шара ұйымдастырылып отыр. Жиында Атырау облысындағы медициналық мекемелерде еңбек ететін сантехниктен бастап еден жуушыға дейінгі мамандар марапатталып, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетілетін болады,- деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Марапат иелерінің қатарында облыстық ауруханада 24 жылдан бері санитар болып еңбек етіп жүрген Алма Абленова да бар. Ол көп жылғы адал еңбегін ескеріп, марапаттаған ұжым мен басшылыққа алғысын білдірді.

— Осы мереке қарсаңында баршаңызды құттықтаймын. Сіздерге өмірде тек денсаулық тілеп, еңбектеріңіз жемісті болсын деймін. Басқарма басшысынан арнайы марапат алып жатырмыз.  Облыстық ауруханада жасағаныма 24 жыл болғанмен жалпы осы салада қызметте жүргеніме 45 жыл болды,- деді ол.

Айта кетейік, іс-шара аясында денсаулық сақтау саласындағы еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктерді арттыру, жас мамандарды қолдау және жаңашыл жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT