Мақатта инфекция жұқтыру жағдайы анықталды

(0 Votes)

30 наурыз күнгі  жағдай бойынша   аудан тұрғындары арасында коронавирустық инфекция жұқтырған 1 жағдай және 1 жағдай -пневмания бойынша тіркеліп, жалпы 2021 жылғы COVID-19-дың саны 21 ге жетті.

 Аудан бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне жол бермеу мақсатында  адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз  деп ескертеді Мақат аудандық жедел штабы. Үй-жайда және көлікте болған кезде әлеуметтік қашықтықты сақтап, думанды отбасылық шараларға бармаңыз және өткізбеңіз (той, мерейтой, садақа, еске алу, туған күн, құдалық).

Әсіресе, денсаулығы нашар және созылмалы аурулары бар адамдардың  үйден шықпауы қатаң қадағалануы тиіс.   

Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, халыққа қызмет көрсету және өзге де   ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндеттеледі. 

Жақындарыңызға жаңашыр болыңыздар.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521