31.05.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 54 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде, сондай-ақ скринингтен өткен қызметкерлер.
Ал, тағы 11 адам Атырау қаласының тұрғындары, олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринигтен өткен.
Сондай-ақ 3 жағдай 1965, 2018, 2020 жылы туған Жылыой ауданының, біреуі 1991 жылы туған Мақат ауданының тұрғынындарынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
31.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1105 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 314 .
Cурет: ашық дереккөз