Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жолдауындағы медицина саласына жасанды интеллектті енгізу туралы бастаманың айтылғанын ерекше құптаймын.
Бұл өз кезегінде диагностика дәлдігін арттыруға, емдеу тәсілдерін жетілдіруге және шалғай өңірлердегі тұрғындарға қолжетімді медициналық қызмет ұсынуға жол ашатын маңызды бағыт екені сөзсіз.
Бүгінгі таңда медицина заманауи технологияларсыз ешқандай сала алға баспайтыны анық. Сондықтан Қазақстанның осы салада нақты қадам жасауы - ұлт саулығын жақсартуға бағытталған орынды шешім.
Осы ретте денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды кеңінен енгізу халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
А.Тәжіғұлова,
мейірбике