COVID-19 жұқтырған 35 адам Атырау қаласынан тіркелді. Олардан COVID-19 скринигтен өту барысында анықталды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
22.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1475 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1134.
Сурет: акшық дереккөз