Атыраулық бүлдіршіндер кішкентай дәрігердің рөлін сомдады

Атыраулық бүлдіршіндер кішкентай дәрігердің рөлін сомдады
(0 Votes)

Атырауда медицина қызметкерлер күніне орай Ретро саябақта «Менің қуыршағымның емханасы» атты танымдық іс-шара өтті. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Іс-шараға 40-тан астам бала қатысты. 4–5 жастағы балдырғандар ойыншықтарын алып келіп, оларды “дәрігерлерге” көрсетіп, емханадағы қызмет барысымен ойын арқылы танысты.

– Бүлдіршіндерге медициналық қызметтің маңызын ойын түрінде түсіндіру, дәрігер мамандығына деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара балапандардың көңілінен шықты. Бұл – балаларға арналған қарапайым ойын ғана емес, олардың дәрігерден қорықпай, керісінше оны дос әрі қорғаушы ретінде қабылдауына мүмкіндік беретін тәрбиелік мәні зор кездесу болды, – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Алмагүл Әбілова.

Мамандардың айтуынша, «Менің қуыршағымның емханасы» жобасы – балалар бойында ақ халатты абзал жандарға деген сенім мен құрметті ерте жастан қалыптастыруға бағытталған тың бастама.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT