Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін көңіл аударған болатын.
“Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет”,- деді ел Президенті.
Иә, ғалым да, шахтер да бас иетін осынау ұлы мамандық иесіне құрмет қашанда жоғары болмақ.
Ал бүгінгінің ұстаздары осы құрметке лайықты қызмет көрсетіп жүр ме? Бұл бұқара халықты толғандырар өзекті мәселе. Десе де бұл мәселе таса да қалмайтыны анық. Оған дәлел Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айта өткен мұғалімдердің біліктілігін арттырып, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқандығы.
Демек балаларды сапалы білім нәрімен сусындату үшін ұстаздар қосымша біліктіліктен өтпек. Бұл ұлт үшін қабылданып жатқан оң шешім деп білемін.
Эльвира ТАТАЕВА,
№76 Л.Шахатов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі