Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-лар қашықтан оқыту түріне көшеді», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521