Облыс мектептерінде тұрақты дене шынықтыру жаттығулары еңгізілді

Облыс мектептерінде тұрақты дене шынықтыру жаттығулары еңгізілді
(0 Votes)

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде тұрақты дене шынықтыру жаттығулары дәстүрлі түрде өткізілуде. Бастаманың мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс тапшылығының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аптаның әр сейсенбісінде сабақ алдында үш минуттық жаттығу жасау дәстүрін облыстағы Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты да қолға алды. Өнер мектебінің оқушылары үшін бұл жаттығулар таңсық емес, себебі бұған дейін олардың күні ұлттық бимен басталатын.

– Осыған дейін оқушыларымыз таңды ұлттық рухты асқақтататын «Қара жорға» биімен қарсы алса, биылдан бастап таңғы жаттығу дәстүріне көштік. Мұндағы басты мақсат – балалардың күнін сергек көңіл-күймен бастауына, денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Нүрсәпина.

Жаттығулар арнайы бейнематериалдар арқылы өткізіледі. Оларды орындау тәртібі мен музыкалық сүйемелдеуін өзгеріссіз сақтау міндеттелген. Бұл жаңа дәстүр оқушылардың сергек болуына, сабаққа ынтасымен кірісуіне және денсаулығын нығайтуға ықпал етпек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT