Мақатта мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

(0 Votes)

Күні кеше басталған секілді болып көрінгенімен жаздың да екі айын артқа тастадық. Бұл көп адам үшін тынығып алатын шақ екендігі белгілі. Енді тамыз келісімен оқушылар келесі сыныпқа керек құрал-жабдықтарын сайласа, мұғалімдер жұмысқа шығып, жаңа оқу жылының жоспарын құра бастайды. Ал, білім ұяларында жөндеу жұмыстары жүріп жататыны анық. Осы ретте жазғы демалыс уақытында мектептерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысқан болатынбыз.

Аудандық білім бөлімінің келтірген дерегінше, аталған бөлімге қарасты білім беру ұйымдарына 2022-2023 оқу жылы қарсаңындағы жай жөндеу жұмыстарына 17 536 000 теңге қаржы бөлінген.
Тоқталып өтер болсақ, Л.Шахатов атындағы орта мектебінде қазіргі таңда тек асхана мен жылу қазандықтары орналасқан ғимараттар қалып отыр. Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде ақтау жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні сырлау, майлау, шөп жұлу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде сыртқы баспалдақтарды сырлау жұмыстары ғана қалған. М.Баймұханов атындағы орта мектебінде сыртқы сырлау жұмыстары мен шөп жұлу бар. С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында да едендерді және балалар ойын алаңын сырлау керек. А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде шөп жұлу және сырлау жұмыстары жүріп жатыр. О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде ақтау, сырлау жұмыстары мектептің бір бөлігінде аяқталған. Енді спортзал мен акт залын жөндеу жұмыстары жалғасын таппақ. Сонымен қатар, физика кабинеті мен кітапханадағы модернизация жұмыстарының 50 пайызы орындалған. Х.Санбаев атындағы орта мектебінде спортзалды, асхананың сыртын сырлау, ақтау қалды. №2 бастауыш мектебінде ағымдағы жәй жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған. Енді жаңа 2022-2023 оқу жылына іс-шаралар жоспарын, дайындық актілерін пысықтауда. Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінде жәй жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Ал, Мақат балалар өнер мектебінде есіктерді лактау және шөп жұлу жұмыстары қалып отыр.
Балбақшаларға келсек, «Болашақ» бөбекжай балабақшасында балалар ойын алаңдарын сырлау жұмыстары жүретін болады. «Балбөбек» бөбекжай балабақшаларында жәй жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалса, №54 бөбекжай-балабақшасында сыртқы есіктердің екі қапталын майлап, сыртқы шарбақтарды сырлау жұмыстары ғана қалған. «Ботақан» бөбекжай балабақшасында да жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ал, «Нұрбөбек», «Қарлығаш», «Сандуғаш» және «Шапағат» балабақшаларындағы жұмыстар аяқталып үлгерген.
«Тамыз айының 10-ына дейін барлық жөндеу жұмыстары толықтай аяқталуы тиіс», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.


А.Байшуақ

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521