Мақат ауданында тамыз мәслихаты өтті

(0 Votes)

Ауданда өткен дәстүрлі тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбымен білім беру саласын басқару мәселелерін жан-жақты талқылап, білім сапасы 51,2 пайыз көрсеткішпен облыс бойынша 5-ші орыннан көрініп отырған аудан педагогтары алдына ҰБТ дайындығын күн тәртібінен түсірмей, үштілділікке көшудің заманауи талаптарын қойды.

Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталық директоры Ғабит Қабекенов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Еркін Сұлтанов, аудан педагогтары, ардагер ұстаздар қатысты.

Биылғы жаңа оқу жылында аудандағы білім ошақтарының есігін 6007 оқушы ашқалы отырса, оның 723-і бірінші сыныпқа қабылданатын болады. Осы оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарына жауапты 830 педагог еңбек етуде. Оның ішінде мектептегі пән мұғалімдер саны 630 болса, жоғары және бірінші санатты педагогтар 25, яғни барлық педагогтардың 39,8 пайызын құрап отыр. Аудан бойынша осы оқу жылындағы білім сапасы 51,2 пайыз. (былтыр 47,9 пайыз болған). Өсім +3,3 пайыз көрсеткішке ие.

Биылғы оқу жылының жаңалықтары 3, 6,8 сыныптар жаңартылған білім жүйесіне көшсе, 5-7 сыныптарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы өлкетану мақсатында тарих, биология, география пәндеріне қосымша 20 сағаттық кіріктірілген оқулық енгізілетінін жадылады. Кіріктірілген пән сағаттарын бөліп, үйлестіруі әр мектептің ішкі жағдайында шешімін табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521