Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

(0 Votes)

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды.

Бұл туралы университеттің сайтында жарияланған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев келіп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлын таныстырды.

2020_01_05_0kz_1950

Жиынға «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Бүгінгі күнге дейін университеттің ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарған Саламат Нұрмұханұлына әріптестері сәттілік тілеп, алдағы атқарар қызметтеріне сенім білдірді.

Айта кетейік, Саламат Нұрмұханұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі.

ATpress.kz

Сурет: asu.edu.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521