Елордадағы Келешек мектептің оқушылары таңғаларлық робот құрастырды

Елордадағы Келешек мектептің оқушылары таңғаларлық робот құрастырды
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы №109 Келешек мектептің ұстаздары мен оқушылары бірлесіп, білім мен технологияны ұштастырудың ерекше үлгісін көрсетті. Олар адамға ұқсас робот жасап шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңашыл жоба авторлары «Одиссей» деп атаған робот қазіргі уақытта бірнеше ерекше мүмкіндіктерге ие. Ол кез келген сұраққа жауап бере алады, адамға қарап, қолын көтере алады және сыныптағы оқушыларды санай алады.

    «Бұл робот біраз адамды таң қалдырады деп сенеміз. Балаларымыздың қызығушылығы мен ынтасы бізге үлкен күш береді», – дейді жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Дастан Дүйсенұлы.

Роботтың «Одиссей» деп аталуы да кездейсоқ емес. Ежелгі грек мифологиясында Одиссей – даналығы мен білімділігімен танылған кейіпкер. Сондықтан оқушылар білімге қатысты алғашқы қадамдарының белгісі ретінде осылай атауды жөн көрген.

Бұл жаңашыл бастама жас ұрпақтың ғылым мен технологияға қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта үлкен жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.

Айта кетейік, оқушы ауаны ылғалдандыратын робот ойлап тапты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT