Динара ҰБТ-дан 130 балл жинады

(0 Votes)

Биылғы оқу жылында ауданда 231 оқушы мектеп бітіріп, оның 13-і «Алтын белгі» игері атанса, 18-і түлек үздік аттестат алды.

Солардың бірі - Х.Санбаев атындағы орта мекептің түлегі, «Үздік аттестат» иегері Динара Болатқызы. Ол Ұлттық біріңғай тестілеуден 130 балл жинап, қатарының алды болып қана қоймай, аудандағы үздік нәтижені көрсетіп отыр. Оның сынып жетекшісі Жұмагүл Табұлдиеваның айтуынша, биыл аталмыш мектепті 50 оқушы бітірген. Оның сыныбындағы 17 оқушы осы жазғы мемлекеттік оқуға түсуге мүмкіндік беретін тестілеуге қатысыпты.

«Барлығының да нәтижелері жаман емес. Бастысы әрбір оқушының өмірге деген құлшынысы, ынта-жігері басым. Сондықтан да олардың барлығының өмірде үлкен жетістіктеріне жетеріне сенемін», – дейді ұстаз.

Динара Қырықбаева биология пәнін таңдаған. Алдағы уақытта Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне жалпы медицина мамандығы бойынша оқуға түспекші. Динара қаңтар айында ақылы тестке қатысып, 131 балл жинаған болатын. Енді мемлекеттік грант үшін өткен тестте де тынымсыз дайындығының арқасында сол көрсеткішті қайталап, 130 балл жинап отыр.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 159 оқушы өз бақтарын сынап үлгерген. Ал, 5 шілдеге дейін екінші мүмкіндікті әлі 131 оқушы тапсырмақ.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521