Балалар өкілеттілігіне жауапты

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысы бойынша Ережені бекіту туралы" 2020 жылғы 25 тамыздағы №57 Бұйрығын сай балалар өкілеттілігіне қатысушы – кандидат ретінде 2020 жылы ауданнан М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рузель Жұбанова ұсынылған болатын. 

Рузель Ермекқалиқызы М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 2020 – 2021 оқу жылының түлегі. Ол аудандық, облыстық, республикалық оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысып, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап келді. Бала құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Республикалық балалар өкілеттігі кеңесінің қатарында. Сондай-ақ, "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының және Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшесі.

Бұдан басқа белсенді Рузель түрлі деңгейдегі шараларға да қатысып, ауданның абыройын биікке көтеріп жүр. Атап айтсақ, 2018 жылы "Есірткісіз болашақ" аудандық тоғызқұмалақ сайысынан І орын және аудандық дойбы жарысынан І орын иегері. 2019 жылы "Спорт-нашақорлыққа қарсы" аудандық тоғызқұмалақ сайысы І орын, "Тәрбие тағылымы – тәртіп пен талаптан" атты аудандық пікірталас сайысынан ІІ орын және «Жас биолог» облыстық байқаудан ІІ орын иемденсе, "Мен таланттымын!" атты Щучинск қаласында өткен Республикалық мәнерлеп оқу байқауынан ІІ орынға қол жеткізді.

Рузель Жұбанова бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі екендігін растайтын Куәлік табысталған баолатын. 

Рузель Бала құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Республикалық балалар өкілеттігі кеңесінің мүшесі ретінде аудан бойынша балалар өкілеттілігіне жауапты болып тағайындалды.

Қ.Гиниятова

 Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы,

қорғаншы және қамқоршы өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521