Қазақстанда оқу жылы ұзартылды

(0 Votes)

Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды", - делінген ведомствоның жарияланған ақпаратта.

Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:

күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
жазғы демалыс – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Осылайша, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Фото: 24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT