Ауылдағы мектеп қаладағыдан артық

(0 Votes)

Бүгінгі заманның талабы мүлде бөлек. Білім мен біліктілік бірінші орынға шыққан кезеңде ертеңгі ел тұтқалары болар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Оқушыларға әлемдегі ең озық білім беру үлгілеріне сай дәріс беруді ұйымдастырып, олардың бәсекеге қабілетті болып өсіп-жетілуін қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының білім саласына жүктеп отырған нақты міндеті. Қазіргі кезде осынау өскелең талап үдесінен шығу үшін бар мүмкіндіктер пайдаланылуда.

Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясының демеушілік бағдарламасы аясында Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі және С.Шарипов мектеп-интернатына интерактивті тақталар тарту етілді. Білім беру мекемелеріне жасалған бұл сый шынымен де көптен күткен айтулы оқиға болды.

Аталмыш компания қос мектепті жеті, жетіден он төрт қазіргі заман талабына сай, смарт интерактивті тақта, проектор, ноутбук, принтермен қамтамасыз етті. Бұл заманауи жабдықтар бастауыш, қазақ тілі, математика, тарих, информатика, орыс тілі, тарих, география сыныптарына орнатылып, сабақ өту барысын, тиімділігін арттыруда.

Апта басында облыстық мәслихат депутаты Серік Идранов Доссор кентіне арнайы сапарлап, заманауи құрылғылардың қолданысын қадағалап, ұстаздар мен оқушылардың зор алғысына бөленіп қайтты. Сондай-ақ, Серік Нағымұлы ұстаздарға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын таныстырып, бірге талқылады. Облыстық мәслихат депутаты Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінде болып, ұжымның талап-тілектерін тыңдады. Музыка аспаптарының ескіргендігін, қойылымдық костюмдердің тапшы екенін айтқан мектеп басшысы М.Иманғалиевқа мәселені оңтайлы шешімін алу жолы қарастырылатындығын жеткізді. Осы орайда кенттегі мектептерге заман талабына сай жабдықтар берген демеушілерге мектеп ұжымының айтар алғысы шексіз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521