Ауданда алғаш рет STEM кабинеті ашылды

(1 Vote)

Биылғы көктем аудан үшін айрықша жаңалықпен кірді. Жер жаһанның бусанып, тіршілігін тағы бір жаңадан бастар сәтінде аудандық білім беру ошақтарының арасынан алғаш рет Х.Санбаев атындағы орта мектепте STEM кабинеті ашылды.

Бұдан былай  оқушылар Физика, Математика, Химия, Информатика пәндерінен алған білімдерін зертханалық тәжірибелермен ұштастырады. Кабинеттің ашылу салтанатына ардагер ұстаздармен қатар аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов қатысты.

img_8210

Сөз кезегін алған Оксана Жаңбырбайқызы аталмыш кабинеттің маңызына тоқталды.

"Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялармен математиканың әртүрлі білім  беру салаларынан алынған білім керек. Білім-бәсекелестіктің басты өлшемі екендігін ұмытпауымыз керек",- деді ол  өз сөзінде.

STEM  кабинетінде 10 ноутбук, 1 дана 3D принтер және түрлі  роботтар бар. Аудан әкімі орынбасарының дерегінше 6 кабинеттегі мүліктің жалпы құны 12 711 280 теңгені құрайды екен.

img_8231

Оқушылар бос уақытында 10 оқушыдан тұратын «Менің роботым» атты үйірмеде білімін шыңдайды. Жаңалыққа жаны құмар шәкірттер аз уақыттың ішінде көптеген нәрсені меңгеріп алғанын көрсетті. Қонақтардың көз алдында әр түрлі аспаптарын ұршықша иіріп, олардың қалай қызмет атқаратынын түсіндіргенде еріксіз таңдайымызды қағыстық.

img_8221

Әлем өркениетіне жақын озық ойлы жастар ретінде олардан аудан жұртшылығы  үлкен үміт күтетіні сөзсіз. Үйірме жетекшісі Жанар Шыныбекова да мұнда түрлі роботтардың құрастырылуына үлкен мүмкіндіктер барын айтты. Шәкірттерінің бойындағы үлкен қызығушылығын байқаған ұстаз алдағы уақытта биік белестерді бағындыратынына нық сенімді.

А.САДЫКОВ

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521