С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінде қытайлық Цзинши институтының филиалы ашылды. Осылайша, студенттерге халықаралық білім беру бағдарламаларына қол жеткізіліп, Қытайдың жетекші университеттерінің профессорларынан дәріс алу мүмкіндігі туды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл бастама «Бір жол — бір белдеу» жобасы аясында шетелдік Petroleum Engineering Technology компаниясының демеушілігімен іске асуда. Енді университеттің 1,2-курс студенттері онлайн форматта оқып, мамырда Қытайдағы жазғы мектепке сапарламақ.
- Цзинши институты әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттары және технологиялық жетістіктерімен танымал. Жоба мұнай-газ саласындағы заманауи технологиялар мен білім беру тәжірибелерін біріктіріп, болашақ инженерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Институтқа ағылшын тілін меңгерген, белсенді жастар таңдалды, - деді халықаралық қатынастар орталығының басшысы Алмагүл Тұрдағалиева.