Жомарт жандардың жанашырлығы

(0 Votes)

"Кең болсаң , кем болмайсың" деген. "Мақат" қайырымдылық қоры қасиетті жұма күнінің қарсаңында ізгі жандардың демеуімен әлеуметтік аз қамтылған жеті отбасыға азық-түлік алып берді. Қор белсенділері әр жұмада Алла разылығы үшін 500 теңгесін садақа қылуды әдетке айналдырған.

Жомарт жандар берілетін азық-түлік пакетін күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген  тағамдармен толтырған. Қоржын ішінен бес келілік қанттан бастап, күріш, ұн, сүт, шай және тағы да басқа тағам түрлері табылады.

meshit-8

Қайырымдылық іс әлі де жалғасын табады, үлесіңізді қосамын десеңіз есігіміз ашық",-дейді ұйымдастырушылар. Ендеше, сауапты істен құр қалмай, жомарт жандардың жанынан табыла білейік.


meshit-7  

А.САДЫКОВ      

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521