Жігіттер "жақсылық жасап жарысуда"

(1 Vote)

 "Садақаны сауында беретін" тектілігіміздің жұрнағы жалындаған жас жігіттеріміздің бойында қайта жаңғырды. Жамағат ішінен жұдырықтай жұмылған 1996-1997 жылы туылған жастар жағы игі шараның бастау алуына ұйытқы болды.

Олар бүгінгі қасиетті жұма күнінің қарсаңында кенттегі 20 аз қамтылған отбасыға қол ұштарын созып, қайырымдылық жасады. Мақат ауданы орталық мешітінің бас имамы Біләл Сүннетқожаұлының бір ауыз ортаға тастаған ойын жерге қалдырмай, жандандырып әкеткен жігіттер  жүз мыңның үстінде қаражат жинап, мұқтаж жандарға азық-түлік алып берді.

"Жас келсе-іске" дегендей бұл ретте бас имамның да оң іске ерекше ықпал еткенін атап өткеніміз жөн. Біраз жанұяның қуанып қалуына себепкер болған жас өрендер бұл ісімен шектеліп қана қоймай, ізгі амалдың жалғасын алдыңғы буын ағаларына жолдады. Тиісінше, 1994-1995 жылы туылғандар да қарап қалмайтынын жеткізіп, жақсылық жасап жарысуға қашан да дайын екенін жеткізді.       

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT