«Жасыл ел» сарбаздары жұмыстарын аяқтады

(0 Votes)

«Жасылелдіктердің» күшімен қоғамдық маңызы бар игі істердің қолға алынғанына биыл 14 жыл толып отыр.

Жастарды жұмысқа тарта отырып, олардың бойындағы еңбекке деген ынтасын оятуға, жақсы азамат болып қалыптасуына бұл жобаның тигізер көмегі көп. Жаз айларында уақыттарын босқа өткізбей, қаражаттарын тауып ата-анаға қолғабыс болса, екінші жағынан қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосады.

«Жасыл ел» еңбек жасағының жоспарлы жұмыс мерзімі аяқталып, жабылу салтанатына аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Есенғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Хамидуллина, білім беру бөлімінің әдіскері А.Қангерева, жастар ресурстық орталығының басшысы Ә.Қаржауова, қызметкерлері және «жасылелдіктер» қатысты. Еңбекке табандылық танытып, көзге түскен жастарымыздың еңбегі еленіп, марапаттауларға ие болды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша былтыр 210 сарбаз жұмыс атқарса, оның ішінде 122 студент, 56 оқушы, 32 жұмыссыз жас 60 394 теңге жалақыға жұмыс жасады. Ал биыл 61 000 теңгеге өсімі бар жалақымен 202 сарбаз, оның ішінде 47 жұмыссыз жастар, 153 студент еңбек етті.

Материалдын толық нұсқасын «Мақат тынысы» газетінің №35 (889) 30.08.2018 санынан оқисыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521