Бүгін 14 қыркүйек күні аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды.
Аудандық ішікі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиеваның №29 бұйрығымен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Әсет Төлегенұлы Хасанов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстырған Жанат Қайролдақызы орталықтың жұмысы жандана түсетіндігіне сенім білдірді. Өз кезегінде Әсет Төлегенұлы өзіне жүктелген бұл қызметті жауапкершілікпен атқаратынын жеткізіп, ұжым қызметкерлерінен қолдау күтетінін айтты.
Хасанов Әсет Төлегенұлы 1999 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – арнаулы орта. 2018 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжін заңгер-кеңесші мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2019-2020 жылдары жастар іс-тәжірибесі бағдарламасымен аудандық білім беру бөлімінде бастаған. 2020 жылы аудандық тұрғын үй инспекция бөлімінде инспектор қызметін атқарса, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде заңгер-кеңесші қызметін атқарып келді.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасы құрмаған.
А.Есжан