Қызмет санмен емес, сапамен өлшенеді

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы күн тәртібінде екі мәселе қарады. Комиссия отырысына төрағалық жасаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев күн тәртібімен таныстырып, еліміздегі өзекті мәселеге айналған жемқорлықпен күресу бағытында бақылау, қадағалау шараларының нәтижесін тарқатты.

Жиынға қатысқан комиссия мүшелерінің жауапкершілігін жадылап, баяндамашыларға сөз берді.

Алғашқы мәселе бойынша денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы туралы баяндама жасаған аудандық орталық аурухананың директоры Батырбек Оңдасынов, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы талаптарына сай, аудандық ауруханада қазіргі таңда 15 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отырғанын алға тартты. Жыл басынан бері көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері мен сапасы туралы мәлімдеп, аудандық аурухана бойынша дәрігердің қабылдауына жазылуы және дәрігердің үйден қарауы, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту электронды түрде жүзеге асырылып отырғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері өзара іс-қимылдар тәртібі емхананың көрнекті жерінде жарнама тақталары келушілер үшін қолайлы жерге орналасқан. Мұның бәрі сыбайластық әрекеттерге жол берілмеуінің кепілі.

Комиссия отырысының күн тәртібінде қаралған екінші мәселе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша атқарылып жатырған шаралар туралы бөлім басшысы Эльмира Өтебаева тұрақты түрде шаралар өтіп тұратынын баяндады.

Атап айтса, бөлімнің күту залында халыққа ыңғайлы жерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында сенім телефоны, қажетті ақпараттық мәліметтер ілінген. Орталық қызметкерлері жұмысына баға беруге халықты белсенді түрде тарту, соның ішінде сыбайлас жемқорлық дәйектерін анықтау мақсатында тұтынушылардың құқын қорғау қызметі мамандарының заңсыз әрекеттеріне(әрекетсіздікте-ріне) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына арналған жәшіктер, азаматтардың сенімділігін нығайту мақсатында сенім телефондары және бейнебақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар, халыққа ыңғайлы қызмет көрсету мақсатында «Электрондық кезекпен» жұмыс жасап отырған орталықта сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берілмейтініне негіз бар.

Отырыс төрағасы жиынды қорытындылап, комиссия мүшелерімен нақты тапсырмаларды жадылады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521